Елордада заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру мақсатында 2022 жылдың 25 сәуірінен бастап Полиция департаменті халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу акциясын бастайды.

Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін республикалық бюджеттен оның техникалық жай-күйіне байланысты қарудың әрбір бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің оннан жүзге дейінгі сомасында төлем көзделеді.

Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі.

Жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға әрекет жасамауды, тек полицияның кез-келген бөлімшесіне, оның ішінде «102» не «112» телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Полиция департаменті өткізілген акцияны халықтың түсінетіндігіне және белсенді қатысатынына сенеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы