Елордада Қытайдан ұшып келген қыз ауруханаға жатқызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан келген 2003 жылы туған қыз жоғары температурамен Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханаға жатқызылды.

Бүгін Бейжіңнен ұшақ келді. 2003 жылы туған қыз қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл оқиға бүгін таңертең болды. Клиникалық симптомдардың белгісі жоқ. Оның дене қызуы 37,4 және тамағы жыбырлап тұрды. ЖРВИ болуы мүмкін, - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Әлия Рүстемова. 
Қыз бала Бейжіңде ғана болған. Қала сыртына шықпаған. Ол қазір ауруханада тексерістен өтіп жатыр. Бүгін нәтижелері белгілі болады. 

Басқарма басшысы қалады шұғыл штаб пен жұмыс тобы құрылғандығын тағы бір мәрте ескертіп өтті. 

Біз тағы койка орындар дайындадық. Барлық емханаларда қосымша фильтр-кабинеттер ашылды. Елордада дизенфекциялау, қорғану құралдары мен дәрі-дәрмек жеткілікті, - деді Әлия Рүстемова. 
Сонымен қатар, басқарма қызметкерлері Қытайдан бір ай көлемінде келген адамдарға қоңырау шалып жатыр. Егер жөтел мен дене қызуы көтерілсе, оған дәрігер барады. Елордалық емханалар демалыссыз таңғы 8:00 ден кешкі 20:00-ге дейінгі жұмыс істеу режиміне көшті.

Астана қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сархат Бейсенова қазір қауіп төнген жағдайда әуежайда және вокзалдарда санитарлық-карантиндік бақылау пункттері мен стационарлық тепловизорлар орнатылғанын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 4 адам ауруханаға жіті респираторлық вирустық инфекция диагнозымен жатқызылғаны туралы хабарлаған едік. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы