Елордада үйлердің 90%-ында газ қондырғылары талапқа сай емес

Астана, baq.kz Астанадағы көпқабатты үйлердің 90 пайызында газ қондырғылары талапқа сай емес. Бұл туралы Тәуелсіз газ қауымдастығының сарапшылары мәлімдеді.

"Астана" телеарнасының мәліметінше, комиссия орталықтандырылған газбен жабдықталған барлық тұрғын үй кешендеріне тексеріс жүргізеді. Сарапшылардың айтуларынша, тұрғын үй ауласында газдан еш қауіп болмағанмен, баспанадағы жағдайды ешкім бақылап жатқан жоқ. Осыған байланысты олар тез арада тексеріс жүргізіп, құбырларды ауыстыру қажеттігін ескертті. Оны тұрғындар өз қалтасынан төлеуі тиіс.

"Бұл мәселе бұрыннан бері келе жатқан ескі тұрғын үйлерге қатысты. Барлық бақылауды заң аясында жүзеге асыру үшін алдымен қайта құру жобасын жасау қажет. Нақты сметалық құны шыққан кезде, ары қарай тұрғындар өздері шешеді. Былтыр қалалық iKomek қызметіне газ тарауына қатысты 200-ге жуық шағым келіп түскен. Тұрмыстық газ 1000-нан аса тұрғын үйге жеткізілді. Бұл 80 мың пәтер. Олардың қауіпсіздік талаптарын тексеру үшін әкімдік арнайы тапсырма берді", - дейді Тәуелсіз газ қауымдастығының өкілі Федор Мордвинкин.

 "Білікті мамандардың жоқтығына байланысты тексерістер бойынша газ желісінің құрылысына байланысты екі құрылыс монтажды ұйымы өздерінің жұмыс істеу лицензиясынан жарты жылға тоқтатылды. Елорданың барлық жекеменшік секторы газ бөшкесін пайдаланады. Қалаға бірнеше компания қызмет көрсетеді. 4 газ толтыру станциясы және 5 пункт ресми түрде жұмыс істейді. Өткен жылы олардың жұмысында 180 заңбұзушылық анықталған", - дейді өз кезегінде Астана қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы Мақсат Абылов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Магниторскіде болған қайғылы жағдайдан соң шаһардағы газ қондырғыдарын түгел тексеруді тапсырған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы