Елордада үйінен кетіп қалған екі бала табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қаланың Есіл ауданының полиция бөлімшесінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Есіл" аудандық полиция басқармасына Алпысбаева деген азаматшадан тамыздың 20-да шамамен 21.30-да Красивая көшесіндегі жеке үй ауласында ойнап жүрген 2009 және 2010 жылғы кішкентай балалар белгісіз жаққа кеткені және қазіргі таңға дейін олардың қайда жүргенінен бейхабар екені жайлы хабарлама келіп түсті" , - делінген таратылған хабарламада.Анасының сөзіне қарағанда, балалар бұрын да бірнеше рет үйінен кеткен.
"Аталған факті бойынша "Есіл" аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлеріне бағыттама беріліп, ойын-сауық орталықтарындағы қауіпсіздік қызметтері жұмылдырылып, нәтижесінде 21 тамызда сағат 20.10-да кішкентай балалар табылып, ата-анасына табысталды", - делінген таратылған хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда құрылыс қарқыны қандай?
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы