Елордадағы заңсыз шеруде жасөспірім ұсталған жоқ – полиция

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, Республика даңғылында өткен заңсыз шеру кезінде кәмелетке толмағандар ұсталған жоқ.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желіде тарап жатқан кәмелеттік жасқа толмаған қыздың ұсталуы туралы видеоға қатысты азамат А-ның 2000 жылы дүниеге келгендігін хабарлаймыз. Полиция қызметкерлерінің заңсыз шеруге қатысуын доғару талабына қарамастан А. есімді азамат құқық қорғау органдары қызметкерлерін итеріп, қарсы әрекет жасауға итермелеген», - деді ведомстводан.

Осыған байланысты А есімді қыз бала өзге де құқық бұзушылармен бірге ұсталды. Ұсталған кезде жеке куәлігі болмаған. Дегенмен, анасы өтініш жасағаннан кейін ол босатылып, анасына табысталды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы