Елордада құқықтық кеңесті онлайн алуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ. Қызметтің жаңа түрі тұрғындарға құқықтық кеңестерді онлайн режимде алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталмыш жоба қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, заңсыз әрекеттердің алдын алуға, сондай-ақ азаматтардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, "Сенім" бірыңғай қызметінің мақсаты – тұрғындардың құқықтық мәдениетін кеңейту, олардың қоғамдық ұйымдарға деген сенімін нығайту.Алғашқы кезеңдегі жобаның пилоттық нұсқасында құқықтық кеңестер 14 адамға ұсынылған болатын. Хабарласқан азаматтардың барлығы өзінің құқықтық сауаттылығын арттыруға мүдделі екендігін айтты, – дейді қорғаушы заңгер Әсел Молдағалиева.
Ол консультациялық қызметтің еліміздегі төтенше жағдай режимінде тегін кеңес алуға мүмкіндік беретін қолайлы құрал екендігін атап өтті.
Жобаны Нұр-Сұлтан қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен елордадағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүзеге асырып жатыр. Байланыс телефоны: + 7 7172 64 34 78, 8 771 996 09 27, 8 702 172 6139
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістан бойынша шектеу шаралары күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы