Елорда туризмін дамыту мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі елордада туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала әкімі Алтай Көлгінов осы саладағы жұмысты жандандыру және бірқатар ірі іс-шаралар мен фестивальдер өткізуді жоспарлау қажеттігін атап өтті.
«Президент "Ұлытау - 2019" халықаралық туристік форумында елімізге жылына 9 миллион турист келетін мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Туризм университетінде білікті мамандарды дайындау қажеттігін атап өтті. Біз қазір Туризм университетін ашу мәселесін қарастырудамыз. Сонда біз ішкі нарықты кәсіби кадрлармен қамтамасыз ете аламыз», - деді А. Көлгінов.
Қала әкімі Нұр-сұлтан Еуразияның астанасы ретінде орналасуы тиіс екенін атап өтті: туристер көп болған сайын, іс-шаралар көп өтуі тиіс. Осылайша, туризм маусымдық емес, жыл бойғы болуы керек. Жыл сайын елордамызға 1 миллион 300 мың адам келеді. Нұр-Сұлтан қаласы -конгрестер мен конференциялардың халықаралық ассоциациясының (ICCA) мүшесі. Қауымдастық оның мүшелеріне ақпарат алмасуға мүмкіндік береді және ірі іс-шараларды өткізуге жәрдемдесуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ елорда іскерлік (MICE) туризмді өткізу үшін табысты алаң деп танылды.
Елордада халықаралық авиарейстердің санын арттыру, ірі халықаралық фестивальдер мен жарыстар өткізуді жоспарлау, қаланы туристер үшін тартымды және жайлы ету қажет.