Елордадағы құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй пайдалануға беріледі – әкімдік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала әкімі Алтай Көлгінов үлестік құрылыс объектісіне барып, жұмыс барысымен танысты. «Гранитный-1» ТК тұрғындары әкіммен бірінші рет кездесу барысында аумақты абаттандыруды сұрады. Тұрғындар осы мәселенің тез шешілетініне күмәнданған болатын, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
«Балаларымызбен аулаға қуана шығамыз. Ауламыз абаттандырылды. Футбол алаңы орнатылды» - деді үй тұрғындары.Қала әкімі Алтай Көлгінов аулалар мен кіреберістер қауіпсіз және жайлы тұру үшін бейнебақылау камералары орнатылатынын атап өтті. Барлығы 192 үлескері бар ғимарат 2013 жылы проблемалық деп танылды. Басты мәселені шешу үшін қазір үйдің жобалық-сметалық құжаттары, жер телімін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Үй пайдалануға осы жылдың соңына дейін беріледі. Тұрғындар өз пәтерлерінде тіркеле алады. Қалада барлығы 51 проблемалық объект (76 үй) бар. Жыл соңына дейін 10 үй.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сағынтаев: үш студенттің бірі Алматыда оқиды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы