Елордадағы Ramada Plaza қонақ үйі ауруханаға айналады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы Ramada Plaza қонақ үйі коронавирусты жұқтырған науқастарға арналған ауруханаға айналады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Бізде А  және В жоспары бар. Егер қажеттілік болса, пациенттердің көбеюін ескерсек, біз коронавирустың таралмауы үшін қосымша төсек-орын дайындаймыз. Бүгін жергілікті билік орган қызметкерлері  пациенттерді қосымша төсек-орындармен қамтамасыз ету шараларын қабылдады, ал біз Inter Continental - Ramada Plaza қонақ үйінде карантиндік режимді сақтау үшін науқастарды қабылдап, нысанда жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, - деді әкім орынбасары.

Ол ғимаратта жақын арада  жөндеу жұмыстары аяқталатындығын тілге тиек етті.
Қазіргі таңда С жоспарына сәйкес қауіпті инфекциямен күдікті пациенттердің карантиндік режимін күшейту үшін қабылдауға дайын басқа да нысандармен келіссөздер жүргізілуде, – деп толықтырды Бақтияр Макен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы