Елордадағы Қорғалжын тас жолы жартылай жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шара құрылыс жұмыстарына байланысты қабылданды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қорғалжын тас жолының Ш.Айтматов көшесімен қиылысатын аумағында ТМ-55 және ТМ-48 жылу магистральдары арасындағы бөгет салу аясындағы жұмыстарды бастау жоспарлануда.Осыған байланысты 23-30 сәуір аралығында аталған учаскеде, қоса берілген схемаға сәйкес, Қорғалжын тас жолы бойымен Үркер ауданына қарай автокөлік қозғалысы шектеледі, – делінген қалалық отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарламасында.
Мамандар елорда тұрғындары мен қонақтарын бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы