Елордадағы қоғамдық көлікте зарарсыздандыру жұмыстары басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыздан бастап №1 Автобус паркінде жылжымалы құрамды зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Автопарк 70 бағдар бойынша қызмет көрсетеді, оның ішінде 40 қалалық, 6 экспресс және 24 қала маңына қатытайтын бағдарлар бар.
Таблеткалар "С-01" деп аталады. Өнім Қазақстанда жасалған. Бұл дезинфекциялық ерітінді аллергияны тудырмайды және ешқандай иіс шығармайды. Ауысым аяқталғаннан кейін бағдарлар жуу орнына кіреді, онда барлығын көлік жуушылар тазартады.
Бүгінде елорда қоғамдық көлігіне 6 автобус паркі қызмет көрсетеді. Бағдарлық желі 93 маршруттан тұрады, оның ішінде 63 қалалық, 6 экпресс және 24 қала маңына қатытайтын бағдарлар. Күн сайын 800-ге жуық автобус линияға шығады. Қазіргі уақытта барлық бағдарлар бекітілген кестеге сәйкес қатынайды, - делінген ақпаратта.
Автобустардың соңғы аялдамаларында дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздандыру үшін CTS компаниясы елорданың барлық автобус парктеріне хаттар жолдады.