Елордадағы «Нұрсая-2» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы "Нұрсая" тұрғын үй кешенінен өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мәлім етті.

4 наурыз күні сағат 19-59-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Достық көшесі бойындағы «Нұрсая-2» тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына елордалық ТЖД жеке құрамының 27 маманы мен 6 өрт сөндіру техникасы аттанды, - делінген комитет мәліметінде.

Ведомство мәліметінше, төтенше жағдай қызметкерлері тұрғын үй кешеніне жеткен кезде 8 қабаттағы пәтерлердің бірінен қою түтін байқалған.
Керме төбе мен жиһаздар жанған. Қабылданған шаралардың арқасында қызыл жалын сағат 20-46-да сөндірілді. Тілсіз жау шарпыған аумақ шамамен 50 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ, - делінген таратылған ақпаратта.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы