Елордадағы «Мечта» сауда үйінде вакцинациялау пункті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда вакцинация жүргізілетін жаңа орын ашылды. Жаңа орын Республика даңғылында орналасқан «Мечта» сауда орталығының 1 қабатында орналасқан, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұл тұрғындарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациямен қамту мақсатында жүргізіліп отыр.
Айта кетейік, сауда үйлері мен қала орталықтарында вакцинациялау орындарын ұйымдастыру Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп жүргізіледі. Жаңа орындардың санитарлық талаптарға сәйкестігі мен нормалардың сақталуы қаралады.
Елордада осыған дейін екпе пунктері "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр" және "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк", "Сарыарқа" СОО-ларында, сол сияқты "Әлем" және "Eurasia" сауда үйлерінде ашылған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша вакцинация пунктері 3 есеге артты.
Нұр-Сұлтанда 5 маусымдағы жағдай бойынша 166 мыңнан астам адам вакцинаның 1 компонентін алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Болашақ ұшқыштар бітіру емтиханын тапсырды
Өзгелердің жаңалығы