Елордадағы №64, 107 автобустарының қозғалысы өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №64, 107 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Бұл туралы Астана LRT баспасөз қызметі хабарлады. 

«2 қыркүйектен бастап Фахд бен Абдул Азиз және Күләш Бәйсейітова көшелерінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №64, 107 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді», - делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бағдарлардың қозғалыс сызбасы қалпына келтіріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы