Елордада волейболдан BAQ LIGA чемпионаты өтті
Елордада волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы «BAQ liga» чемпионатының бесінші маусымы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үш айға созылған дүбірлі додада барлығы 10 команда бақ санысты. Финалда «Хабар» командасы мен «Қазмедиа» орталығы кездесті. «Хабарлықтар» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Жүлделі екінші орынды «Қазмедиа» орталығы алды. Қолаға «Atameken business» командасы қол жеткізді. Жарыс соңында «Хабар» агенттігінің төрағасы Кемелбек Ойшыбаев сөз сөйлеп, жеңімпаздарды құттықтады. Финалдан кейін марапаттау рәсімі өтіп, үздіктер мен жүлдегерлер марапатталды.
BAQ liga-ның басты мақсаты – БАҚ өкілдерінің басын қосу, редакциялар арасындағы тимбилдинг, БАҚ арасындағы көпірді жалғау. Спортшы шығару, чемпеионды анықтау деген мақсат жоқ, ең бастысы БАҚ өкілдерінің демалыс орнын бейресми уақытта бір-бірімен талқыласып, ақылдасатын тимбилдинг алаңын ұйымдастырып беру, - деді «BAQ liga» қоғамдық қорының жетекшісі Азиз Жұмаділ.