Елордада вирусқа шалдыққандардың басым бөлігі – әйелдер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусқа шалдыққандардың 53 пайызын әйелдер құрайды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Зекен Ысқақов мәлім етті.
Оның айтуынша, 13 наурыздан 14 қазан аралығында қалада вирусқа шалдыққандар саны 14234 адамды құрап отыр. Сондай-ақ 40 пен 65 жас аралығындағы адамдардың сырқаттануы жиілеп барады. Соңғы тоғыз айда вирусқа шалдыққандардың 53 пайызы әйелдер екені анықталды.
Қалада күн сайын 3-20 коронавирус жұқтырушылар тіркеледі. Соңғы тәуліктердегі репродуктивтілік бірден асқандықтан 14 қазаннан бастап қалада карантиндік шараларды күшейтіп, бірқатар нысанның жұмыс кестесі қысқартылды, талаптар қатаңдатылды. Науқастар арасында жастар да, балалар да бар. Сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын карантиндік шараларды сақтауға және шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Біз бұл індетті тек бірігіп жеңеміз. Қарапайым санитарлық талаптарды сақтау арқылы біз жағдайдың ушығып кетпеуіне үлес қоса аламыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге қанша айыппұл салынады?
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы