Алдағы күндері елордада -3 градусқа дейін суытады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ал 14 мамырда найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ дауыл болады деп күтілуде. Бұл туралы Smart Astana Bot Telegram желісінде хабарланды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша күндіз 14 мамырда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі деп мәлімдеді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде 15-16 мамырда 1-3 градус үсік күтіледі», - делінген таратылған хабарламада.Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде 30 градустық ыстықтан кейін күн суытады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы БҚО-ға келді
Өзгелердің жаңалығы