Елордада «Ұлы даланың жеті қыры» атты жас суретшілер сайысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай «Ұлы даланың жеті қыры» атты жас суретшілердің бейнелеу өнері және қолөнері салаларындағы бейіндік бағыттарын айқындап, шығармашылық қабілеттерін жетілдіріп, дамытуға арналған республикалық балалар шығармашылық көрме-байқауы өтті.
Бүгін Тәуелсіздік күніне арналған «Ұлы даланың жеті қыры» атты ашық республикалық балалар бейнелеу өнері және сәндік-қолөнері көрме байқауының салтанантты жабылуы өтті. Екі күнге созылған байқау 5-17 жас аралығындағы балалар қатысты.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Осыған орай жас жеткіншектердің шығармашылық әлеуетін көтеріп, ел ертеңіне кірпіш болып қалануы бағытында ұйымдастырылған іс-шаралар аз емес. Соның бірі Тәуелсіз Қазақстанды таныту, Ұлы даламыздың жеті қырын тарих беттеріне бейнелеу өнері арқылы таныту. Сайысқа қатысқан балалардың деңгейі жоғары, қабілеті өте жақсы, - деді бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі Гүлнар Жақыпқызы.
Сайысқа республика бойынша барлығы 200-ден аса бала қатысты. Сәндік-қолданбалы өнер, бейнелеу өнері бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушыларға сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы