Елордада Ulttyq ónim – 2019 көрмесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4-6 мамыр аралығында астанадағы Тәуелсіздік сарайында отандық кәсіпорындардың көрмесі өтеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. 

Көрме жұмысына Қазақстанның барлық өңірінен келген 500-ден астам компания қатысады. 

«Көрме барысында қазақстандық және шетелдік мамандардың шеберлік сабақтары; шетелдік әріптестер мен халықаралық қаржы институттарының қатысуымен B2B кездесулер өтеді. Әсіресе, шетелдік әріптестердің өндіріске жаңа технологиялар енгізу жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибесі қызықты. Сонымен қатар, соңғы уақытта ақпараттық сәнге айналған рейтинг/скоринг үлгілер, субсидия мен кепілдік беру механизмдері, бизнес процестерді автоматтандырудағы технологиялық шешімдер, апекс механизмдері, өтінімді қарастырып, қызмет көрсету жүйелері де назар аударарлық. Қазақстан экспортын насихаттау барысындағы контрәріптестердің тұтынушылық қабілеттері де маңызын жоймаған. «Ислам қаржысы: Қазақстандағы ШОБ дамуының балама бағыты» және EY Poland «Стартаптар экожүйесі – Қазақстан экономикасының жаңа қозғаушы күші» атты семинарлар өтеді», - деп мәлімдеді «Даму» қорында.

Көрмеге қатысушылардың арасында «Халық таңдауы» атты дегустация байқауы мен жеңімпаздарды анықтау өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы