Елордада ұлттық бірлікті нығайтудағы медиацияның рөлі талқыланады
Медиация күнін мерекелеу аясында, 2023 жылғы 4 тамызда Достық үйінің конференц залында «Ұлттық бірлікті нығайтудағы медиацияның рөлі» тақырыбында конференция өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның мақсаты - медиация мен татуластыру рәсімдерін насихаттау, халықтың медиация институты туралы хабардар болу деңгейін арттыру, қоғам өмірінің түрлі салаларындағы жанжалдардың алдын алу.
Конференция жұмысына өңірдің кәсіби және қоғамдық медиаторлары қатысады.
Соттың, Прокуратураның, мемлекеттік органдардың, «Ассамблея жастары» РҚБ жастар қозғалысының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ Қарағанды облысы ҚХА құрылымдық бөлімшелері шақырылды.
Конференция модераторы - Ербол Аликулов, облыс әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық даму мәселелері жөніндегі орынбасары.
Конференцияда бірқатар тұлға түрлі мәселе көтереді. Оның ішінде Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Азамат Тілешев, «Zolotaya seredina-SM» ҚБ президенті, сертификатталған жаттықтырушы сөз сөйлейді. Сонымен қатар медиатор, конфликтолог - Света Шардарбекова, кәсіби медиатор, медиация бойынша жаттықтырушы, «Жанжалдарды шешу және медиация институты» ЖМ директоры Гүлнәр Алшимбаева, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Лейла Қалиақпарова, «Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті, «Қазақстан азаматтары» ҚБ директоры, кәсіби медиатор Дмитрий Полтаренко бар.
Конференция барысында даулы сәттерді реттеу бөлігінде медиативтік технологиялардың артықшылықтары талқыланады. Өңірде этносаралық қатынастар саласындағы Медиацияны дамыту жөніндегі бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарады. Тәжірибелерімен, табыс тарихымен бөліседі. Түрлі проблемалар көтеріледі. Алдағы кезеңге стратегиялық мақсаттар қойылады, - делінген хабарламада.
Конференция барысында үздік медиаторларға алғыс хаттар табысталады.
Ал бұрын Достық үйінің базасында ассамблеяның жыл сайынғы дәстүрлі «Медиация кабинеттерінің Ашық есік күні» акциясы өткізілді.