Елордада ТЖД бастығы ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы болып азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев тағайындалды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
9 желтоқсанда ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин жеке құрамға елордалық ТЖД жаңа басшысын таныстырды.
Қуанар Бекенұлы Базарбаев 1967 жылы 24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданы, Қаратал ауылында дүниеге келген.
2005 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын Өрт қауіпсіздігі инженері мамандығы бойынша бітірген.
Азаматтық қорғау полковнигі Қуанар Бекенұлы Базарбаев азаматтық қорғау органында 1992 жылдан бастап қызмет етуде.
Еңбек жолын өрт сөндірушіден бастаған.
1994-2000 жылдары - инспектор, кезекші өрт сөндіру қызметінің басшысы, Петропавл қаласы күзет бекетінің бастығы болып жұмыс істеді;
2000-2005 жылдары - Петропавл қаласы, өрт сөндіру бөлімдерінің бастығы;
2005-2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ бастығы болып жұмыс істеді.
2012-2015 жылдары - Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2015 жылдың қаңтарынан - Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметін атқарған.