Елордада ТЖ кезінде 23 өрт болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы елорда әкімдігінде өткен брифингте айтты. 

Төтенше жағдай кезінде өрт деректері тіркелді. 5-19 қаңтар аралығында 23 өрт дерегі тіркелді. Оның салдарынан 3 адам қаза тапты. Жалпы жыл басынан бері 63 өрт болды. Қыс кезінде адамдардың өрт қауіпсіздігін сақтамау жиі байқалады. Себебі тұрғын үй, жеке секторларда жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі сақталмайды, - дейді Отарғалымұлы. 

Ол айтқандай, өрт қауіпсіздігін сақтамаған азаматтарға 3 түрлі жауапкершілік қарастырылған. 

Алдымен адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Ол кәсіпорындар мен мекемелерде өрт қауіпсіздігі сақталмаса, оларға тәртіптік жауапкершілік артылады. Әкімшілік жауапкершілік өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін қарастырылады. Сондай-ақ өрттен ірі материалдық шығын келсе, адам қаза тапса қылмысьық жауапкершілік қарастырылған, - дейді Еркін Отарғалымұлы.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы