Елордада Түркістан көшесінің учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қала әкімдігінен мәлімдеді.
Осыған байланысты 21-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы Алматы көшесінен Сығанақ көшесіне қарай бір бағытта ұйымдастырылады, - делінген хабарламада.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада тұрғын үйлердің бірінің ауласынан жылан табылды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы