Елордада түрік суретшілерінің көрмесі өтіп жатыр

Елордада "Түркия ғасыры: Шыны, керамика және Анадолы гравюралары ата-бабалар отанында" атты көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көрме Түркия Республикасының 100 жылдығына арналады. 

Көрмеде Түркияның танымал суретшілері Ибрахим Кушлу мен Джумхур Айгюннің еңбектері және одан бөлек шыныдан, керамикадан жасалған туындылар қойылған.

Іс-шараны Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу ашты.

 Оның айтуынша, мұндай ортақ әрі көркем тарихымызды оятатын дүниелердің пайда болуы екі ел арасын жақындатады.

Бүгін суретшілеріміздің керемет өнері біздің басымызды біріктіргені қуантады. Осында жиналған қауымға, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді. Көрменің басты мақсаты - жаңа ұрпақты жәй ғана бейнелеу өнерімен таныстыру емес, бір-бірімізге деген жақын екенімізді, тарихымыздың бір екенін көрсету болып табылады, - деді Түркияның Қазақстандағы өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу.

Айта кету керек, көрменің ашылуына Анталия қаласы Мәдениет және туризм басқармасының басшысы, шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ отандастар мен қала қонақтары қатысуда.

Естеріңізге сала кетейіК, көрмені 19 қазан мен 8 қараша аралығында тамашалауға болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы