Елордада тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Сарыарқа ауданындағы тұрғын үй кешенінде пәтер өртке оранған. 

Сарыарқа 11 мекен-жайы бойынша өрт туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне 14 қазан күні сағат 9:21-де келіп түскен. Куәгерлер 7-қабаттан қою қара түтін шығып жатқанын көрген. 

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде оқиға орнына 20 өрт сөндіруші мен 6 техника шыққанын хабарлаған. 


Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы