Елордада тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрт сөндірушілер елорданың тұрғын үй кешендерінің бірінде өртті сөндірді. Бұл туралы Нұр-сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 17:50-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшесіне Есіл ауданы, Сығанақ көшесі, 5/1 мекенжайы бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 3 бірлік техника мен жеке құрамдағы 13 адам жіберілді.
Өрт орнына 17:56 минутта жеткен кезде он алты қабатты тұрғын үйдің кіре бересін қою түтін алып кеткені анықталды. Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кіріскен. 11-қабаттағы пәтердің бірінде 23 шаршы метр аумақта үй заттары, жатын бөлменің жиһаздары мен балконы, сондай-ақ 10 шаршы метрде сыртқы жағы өртке оранған, - делінген хабарламада.Өрт салдарынан 47 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала, 13 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала. Өрт сағат 18.25-те ауыздықталып, сағат 18.37-де сөндірілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 40 мектеп жеке инвестор есебінен салынады
Өзгелердің жаңалығы