Елордада тұңғыш рет федерациялар кубогы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылдың 2-4 қазан аралығында Елорда төріндегі «Қазанат» атшабарында Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен қос федерацияның кубогы өтеді.

Елімізде алғаш рет ҚР Жамбы ату және Теңге ілу федерацияларының кубогы өтеді. Яғни аталған екі спорт түрінен республикалық турнир болады. Турнирге үздік мергендер мен теңге ілу шеберлері қатысады. Қос кубоктың жүлде қоры 11 миллион теңге. Ал бас жүлде алған спортшыларға автокөлік кілті табыс етіледі – деп хабарлады Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі.

Осы орайда жүлде тігіп, кубоктың өтуіне ұйытқы болған Қазақстан Республикасы Жамбы ату федерациясының президенті, кәсіпкер, меценат Нұрлан Әметов екенін айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Иранның Тегеран қаласында өткен Ат үстінде садақ атудан әлем чемпионатында еліміз құрамасы бір алтын, екі күміс медаль алған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы