23 Шілде 2025 2025, 11:58
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Елордада TUMO креативті технологиялар орталығы ашылады
Бұл туралы Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тё айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Astana Hub басқарушы директоры Валерия Тё айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазан айында ашылатын орталық 12-18 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Бағдарлама 11 бағытты, яғни генеративті жасанды интеллек (ЖИ), ойын жасау, анимация, 3D моделдеу, робототехника және басқа да салаларды қамтиды.
TUMO – Астанада орналасқан халықаралық ЖИ орталығы Alem.ai ғимаратының 2 және 3-қабаттарында орналасады. Жылына 5000 оқушыны тегін оқыту жоспарланып отыр. Ешқандай іріктеу талаптары жоқ, жақын арада alem.ai сайтында өтінім қабылдау басталады.
Алдағы 3-5 жылда біз бұл жобаны Қазақстанның барлық аймақтарына, соның ішінде шалғай елді мекендерге дейін кеңейтіп, әрбір оқушыға осындай мүмкіндікті қолжетімді етуді көздеп отырмыз, - деді Валерия Тё.