Елордада туберкулез ауруы бес есе азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы он жылда Нұр-Сұлтанда, 100 мың адам санына есептегенде, туберкулез ауруы мен туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «COVID-19 кезінде туберкулез індеті бойынша елордадағы жағдай» тақырыбында онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әлия Рүстемова мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2010 жылы туберкулездің 765 жаңадан анықталған жағдайы тіркелсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 393 жағдайға дейін төмендеді.
Туберкулезге қарсы қызметтің жетістіктері қаладағы медициналық ұйымдардың да, қаланың көптеген бөлімдері мен құрылымдарының жүйелі қызметімен байланысты. Қазіргі уақытта елордада алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ведомстволық бағынысты ұйымдарында қала тұрғындарын профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізу үшін 16 стационарлық және 4 жылжымалы флюорографиялық қондырғы бар, - деді ол.
Оның айтуынша, амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатқан туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетіліп отырған әлеуметтік қолдау ерекше.
Бұған дейін көмек азық-түлік пакеттері мен жол карталарын бөлу түрінде болса, 2019 жылдың екінші жартысынан бастап 10 АЕК мөлшерінде ай сайынғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі, - деп мәлімдеді Басқарма өкілі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шабуылды кім жасағанын анықтап, нақты шешім қабылдаймыз – Байден
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы