Елордада тозығы жеткен желілер ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың электр желілерінің 30,6 пайызы тозған. Бұл - республикадағы ең төменгі көрсеткіш. Соған қарамастан «Астана АЭК» желілерді жаңғырту жұмыстарына басымдық беріп отыр. Күн санап өсіп келе жатқан қала тұрғындарын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін маңызды. 

Бүгін «Астана АЭК» және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Табиғи монополияларды қорғау департаментінің мамандары инвестициялық бағдарлама аясында жаңғыртылған нысандарды аралады. 

Тозығы жеткен желілерді жаңғыртудың жоспары бар. Қаланың электр энергиясы объектілерін жаңғыртудың инвестициялық бағдарламасы бағдарлама шеңберінде 2019 жылы 2,34 млрд теңге игерілді, ол негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі жөндеуге, сондай-ақ, ескірген жабдықтарды ауыстыруға электр энергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге, объектілерді салуға және қайта құруға  жұмсалды, - деді «Астана-АЭК» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары Әлібек Дүйсембаев.



Солардың бірі – қаланың ескі бөлігінде орналасқан Конституция көшесіндегі трансформатор. Ол 1989 жылдан бері жұмыс істеп келген. Мұндағы жүйе мен құрылғылар қазіргі жүктемін көтеруге қауқарсыз болғандықтан, жаңғыртылды. 

Жалпы қала бойынша инвестициялық бағдарлама аясында ұзындығы 45,76 км желі жөндеуден өткен.

«Школьная» және «Южная» шағын стансалар желінің белсенділігін қамтамасыз ету бағытында жаңғыртылды. «Западная» шағын стансасында жүргізілген жаңғырту жұмыстары электр энергиясын үздіксіз беруге мүмкіндік туғызды. Мұндағы жабдықтар мен құрылғылардың да тозығы жеткен болатын.

Жалпы жұмыстардың барлығы қала тұрғындарының электр энергиясы үшін коммуналдық төлемдерінен түскен қаржыға жасалады. Бұл тарифті түзу кезінде  бағдарламаға енгізілген. Атқарылып жатқан жұмыстар соның нәтижесі, - деді Әлібек Дүйсембаев.


Оның айтуынша, жаңғырту жұмыстары кезінде 128 трансформатор сатып алынды және ауыстырылды, бұл қосымша тұтынушыларды қосуға, сенімділікті және үздіксіз электрмен жабдықтауды арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда инвестициялық бағдарлама аясында 2020 жылдың 1-2 тоқсанында 1,17 млрд теңге игерілді.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы