6 Қаңтар 2025 2025, 12:29
Фото: - архив
Елордада төрт автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Астанадағы Чехов көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобустың уақытша қозғалыс сызбасы өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанадағы Чехов көшесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты төрт автобустың уақытша қозғалыс сызбасы өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
City Transportation Systems мәліметінше, уақытша өзгеріс №1, 6, 11, 85 автобус бағыттарына әсер етеді. Компания жолаушыларға өз бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Өзгерістер жөндеу жұмыстары аяқталғанша сақталады,- деп жазылған хабарламада.