Елордада иіс тиіп уланған төрт адам ауруханаға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингінде айтты.

Бүгінгі күні улы газбен уланудан 1 адам қаза болып (ШҚО), 11 адам жарақат алды. Жылыту маусымы басталғаннан бері улы газбен уланудан қаза тапқандардың 4 есеге, жарақаттанғандардың 60%-ға төмендегені байқалады, – деді ол.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, улы газбен уланудың топтық жағдайлары да кездескен.

Нұр-Сұлтан қаласында қатты отынмен жылытылатын пештегі ақаулықтың салдарынан 4 адам улы газбен уланып, ауруханаға жатқызылды: үй иесі және оның үш баласы, 2019 жылы туған, 2007 жылы туған, 2009 жылы туғандар бар. Ақтөбе қаласында 4 қарашада ТЖД күшімен жанып жатқан пәтерден 2015 жылы туған және 2016 жылы туған пәтер иесі мен оның 2 баласы құтқарылды, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы