Елордада ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті.
Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің төрағасы Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті. Іс-шарада көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.
Отырысқа Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов, Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенко, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Арзыбек Кожошев, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук, Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Давлатали Саид қатысты. Сонымен қатар Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Өзбекстан Республикасының Экономикалық даму және кедейлікті азайту министрі Джамшид Кучкаров, Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджепов, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович болды.
Іс-шара барысында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.