Елордада 5 мыңға жуық ағаш отырғызылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық айлық аясында  бүгін Нұр-Сұлтанда бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне арналған республикалық ағаш отырғызу акциясы өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Жаппай ағаш отырғызу акциясына Парламент депутаттары, президент әкімшілігінің, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, аудан әкімдіктері, "Нұр Отан" партиясы мен басқармалардың қызметкерлері және экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысады. Акцияға 2600 адам үлес қосып, олардың көмегімен қалада 4 667 жасыл желек отырғызылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, компенсациялық отырғызу шеңберінде 505 тал ағаш егіледі. Атап айтқанда, - Алматы ауданында - 427 түп ағаш, Байқоңыр ауданында 1 170 түп, Есіл ауданында 1 465 түп және Сарыарқа ауданында 100 түп ағаш пайда болады.  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы