Елордада терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары талқыланды
Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Аспан» спорт кешенінің қызметкерлерімен, жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша күдікті зат табылған кезде қызметкердің іс-әрекеті тақырыбында семинар өткізді, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайлар кезіндегі халықтың іс-әрекеттері туралы жадынамалар табыс етілді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар) бойынша құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін жауапкершіліктің қарастырылғаны жеткізілді.
Бұл ұсынымдардың мақсаты адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға және төтенше жағдайларда алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектесуге бағытталған.