14 Наурыз 2023 2023, 11:08
Фото: sputnik.kz
Елордада теннистен қайырымдылық турнирі өтеді
Елордада 18-19 наурыз күндері «SPRING OPEN» әуесқойлар арасындағы теннистен қайырымдылық турнирі бесінші рет өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордада 18-19 наурыз күндері «SPRING OPEN» әуесқойлар арасындағы теннистен қайырымдылық турнирі бесінші рет өткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Турнирге Қазақстанның барлық аймағынан, сондай-ақ көрші елдердің 100-ден астам әуесқой теннисшісі қатысады.
Қайырымдылық турнирі инклюзивті спорттық жаттығу жобасын дамыту және ерекше балаларды (аутизм) тенниске үйрету, теннистен әуесқой-спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатында өткізілмек.