Елордада темір торға тоғытылған азаматтар арасында сайыс өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада темір торға тоғытылған азаматтар арасында КВН сайысы өтті, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

1 сәуір – Күлкі күніне орай өткізілген шараны Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұйымдастырды.

Сайыс ЕЦ-166/1 мекемесінде шаруашылық қызмет көрсету жасағының істі болған азаматтары арасында өтті. Шараға 11 адамнан тұратын үш команда қатысты. Бұл – жасақтағы сотталғандардың жалпы санының 80 пайызға жуығы.

Сахнада шаруашылық қызмет көрсету жасағының күнделікті өмірінен көріністер, танымал эстрада орындаушыларына пародиялар көрсетілді.

Мұндай іс-шаралар ең алдымен жасақтағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Істі болған азаматтарға бұл сайыс жақсы көңіл-күй сыйлап, ең болмағанда жазаны өтеу сынды қиындықтардан біраз уақытқа арылуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олар жақсы жаққа өзгереді. Бұл олар үшін бостандыққа шығудың тағы бір қадамы сияқты көрінеді, - деді мекеме бастығының м.а. Әділет подполковнигі А. Нұрсейіт.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы