Елордада тазалау науқанының қатысушылары 700 қап қоқыс жинады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 320-ден астам тұрғыны «World Clean up Day 2019» Дүниежүзілік акциясы аясында «Еуразияның таза жағалауы» сенбілігінде жаппай тазалауға шықты. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Жерұйық саябағы, Президент, Жетісу және Орталық парктары Ботаникалық бақ, «Көктал-1», «Сарыбұлақ», «Қарасу» өзендері мен «Нұрлы жол» жаңа теміржол станциясының жанындағы су қоймаларында қоқыс жиналды.

Іс-шараға 320-дан астам қала тұрғыны қатысты, 3 біолік арнайы техника, 5 бірлік жүк көлігі тартылды. 700 қап қоқыс жиналып, сыртқа шығарылды, олардың басым бөлігі қалдықтарды қайта өңдеу кешеніне қайта өңдеуге жіберілді.

Сенбілік ұйымдастырушылары Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы», «Let`s Do It, Qazaq eli», «Астана автоклубтары альянсы» және «Спарта Астана экоклубымен» бірлесіп ұйымдастырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы