Елордада Тазабек Республика күніне орай ізгі тілектер акциясын өткізді

Республика күні қарсаңында елордалықтардың сүйіктісі – қуыршақ Тазабек Астана тұрғындары мен қонақтарын еліміздің басты ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Мереке алдында Тазабек елорда жастарының қатысуымен «Ізгі тілектер» акциясын ұйымдастырды. Шара барысында қатысушылар қала тұрғындарына алғыс сөздері мен жылы лебіздерін жеткізді. Акцияның мақсаты – патриотизм рухын нығайту, бірлік пен қуаныш атмосферасын қалыптастыру.

Еске сала кетейік, 25 қазанда Қазақстан Республика күні атап өтіледі. Осы айтулы мереке аясында Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өтеді. Олардың қатарында мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер мен ұлттық спорт түрлерінен турнирлер бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы