Елордада «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының көрмесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының 10-жылдық мерейтойы қарсаңында өнерпаз шәкірттердің «Талантты ұстаздан, талапты шәкірт» атты балалар шығармашылығының есеп беру көрмесі өтті.
Осы уақыт аралығында біздің педагогикалық ұжымның, еліміздегі қосымша білім беру саласына қосқан үлесі орасан зор. Шәкірттеріміздің жетістіктері, педагогтарымыздың жаңалықтары, ата-аналарамыздың алғыстары да аз емес. Әдемілік әлемі – адамзат мәдениетінің ғажайып дүниесі. Жеріміздің көркем табиғаты мен сәулетті астанамыз бен халқымыздың салт –дәстүрлерін бейнелеу өнері арқылы өрнектей білген дарынды баларымызға қаншама мақтау айтсақта жарасады, - деді Бейнелеу өнері бөлімінің жетекшісі Гүлнар Жақыпқызы.
Бейнелеу өнері шығармашылық ұжымының есеп беру көрмесін, әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының директоры Раушан Кушибаева ашып, педагогтар мен дарынды оқушыларға алғыс хаттар тапсырды. Көрмеге 70-ге жуық шәкірттер қатысып, өзінің алуан түрлі тақырыптағы жұмыстарын ұсынды.
Шәкірттерімізді сиқырлы бейнелеу өнеріне жетелей отырып көркемдікті көре, сезе білумен бірге оны өз бойына сіңдіре мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл көрме - талантты жастарымыздың құштарлығын оятады деген сенімдеміз, - дейді ұстаздар.