Елордада такси жүргізушісі жолаушының алтын сағатын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғыны мас күйінде қонақтан үйіне оралған кезде бағалы сағатын жоғалтып алған. Ол - құны 550 мың теңге тұратын «Яшма» маркалы алтын сағат.

Түнде ер адам Toyota Camry көлігін тоқтатып, такси жүргізушісімен жолға шыққан. Жолаушы артқы орынға отырып, жолда ұйықтап қалған. Белгіленген жерге жеткен соң жүргізуші адамды оятады. Жіргізуші оянбай жатқан жолаушының білегіндегі алтын сағатты көріп, оны қолынан алып, қалтасына салып алған, - деді ПД баспасөз қызметі.

Ер адамды оятып, жүргізуші оны көліктен түсіріп, кетіп қалады. Үйге келіп, сағаттың жоғалғанын байқаған жәбірленуші полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері жеке тасымалдаумен айналысатын 40 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап, заттай айғақ тәркіленіп, елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы