Елордада такси жүргізушісі мас күйінде болған клиентін тонаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы такси жүргізушісін ұстады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында түскі уақытта жүргізуші тапсырысты қабылдағаны анықталды. Клиент мас күйіндегі қыз болған. Сапар барысында клиент автокөлік салонында ұйықтап қалған. Күдікті жәбірленушінің жағдайын пайдаланып, күртешесінің қалтасынан құны 90 мың теңге тұратын «Xiaomi Note 10» маркалы ұялы телефонын ұрлап, кейін белгісіз тұлғаларға сатқан, - делінген ПД хабарламасында. 

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды. 

Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы