Елордада тағы екі көшеде жөндеу жұмысы жүргізіледі
Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ғұмар Қараш пен Біржан сал көшелерінде жол төсеміне жөндеу жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.
Ғұмар Қараш көшесі бойында Ә.Мәмбетов көшесінен Республика даңғылына дейінгі учаскеде орташа жөндеу жүргізілуде.
Осыған байланысты 19-21 мамыр аралығында бұл учаскеде қозғалыс ішінара жабылады, ал 22-25 мамыр аралығында көлік құралдары үшін толық жабылады деп күтіледі.
Сонымен қатар, Біржан сал көшесі бойында В. Гете көшесінен І. Есенберлин көшесіне дейін жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Осы жылдың 19-23 мамыры аралығында жоғарыда аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі
Келесі жаңалық
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы