Елордада Тұңғыш президент күніне арналған кино апталығы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елбасы кітапханасында 26 қарашада Тұңғыш президент күніне арналған онкүндіктің аясында кино апталығының тұсаукесері өтеді, деп хабарлады Елорда Инфо.

Кино апталығының ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі актер, композитор Нұрлан Әлімжанов қатысады.

Игі дәстүрге айналған кино апталығында мектеп оқушыларына, колледж бен жоғары оқу орны студенттеріне, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарына, Ұлттық гвардия қызметкерлеріне "Елбасы жолы" киноэпопеясының "Балалық шағымның аспаны", "От өзен", "Тығырықтан жол тапқан" атты бөлімдері көрсетіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы