Елордада Тұран даңғылы бойында көлік қозғалысы тоқтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылында Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде жол желісін орташа жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

10-20 мамыр аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ішінара жабылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептелістің алдын алу үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы қажет, – делінген басқарма хабарламасында.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы