Елордада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 1 желтоқсанға дейін құжаттарын жаңарту керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінің «Тұрғын үй қоры» тұрғын үй кезегінде тұрған астаналықтарды 2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін құжаттарын жаңартуды сұрайды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

Заңанамаға сәйкес, тұрғын үй кезегінде тұрғандар құжаттарын жыл сайын жаңартуы тиіс. Нұр-Сұлтанда құжаттарды екі жолмен жаңартуға болады: құжаттардың толық пакетін Р. Қошқарбаев даңғ., 39 (кіру М. Жұмабаев көшесінен) мекен-жайында орналасқан «Тұрғын үй қоры» КММ-не тапсыруға немесе ұйымның Zhilfond.kz ресми сайты арқылы тіркей аласыз.
Жаңартуға қажетті құжаттар тізімі:
1) өтініш (КММ-де толтырылады);

2) өтініш берушінің және оның отбасы құрамының жеке куәліктері (көшірмелері);

3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

4) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, некені қию/бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері), өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);

5) Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы анықтамасы (№ 6 формасы) (ХҚКО-нан отбасының барлық мүшелеріне алынады);

6) өтініш берушіде және/немесе оның өтінішке енгізілген отбасы мүшелерінде жеке меншік құқығында тұрғын үйдегі үлесі болған кезде құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері (ХҚКО-нан № 2 формасы, сатып алу-сату/ сыйға беру / жекешелендіру /айырбастау шарты, мұрагерлік құқығы туралы куәлігі көшірмелері);

7) өтініш берушінің белгіленген санаттарға қатынасын растайтын құжаттары:
- ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілгендер үшін – куәлік;
- 1 және 2 топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға – мүгедектік туралы анықтама;
- кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар үшін – ауруы туралы анықтама;
- жасына қарай зейнеткерлер үшін – зейнетақы кітапшасы;
- жетім-балаларға – ата-анасының қайтыс болу туралы куәлігі/қамқоршы тағайындау туралы қаулысы/сот шешімі;
- оралмандар үшін – оралман куәлігі;
- экологиялық төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар үшін – құзіретті органның анықтамасы/актісі;
- көпбалалы отбасылар үшін – көпбалалы ана кітапшасы; қызметтік міндеттерін атқару кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары үшін – құзіретті органның анықтамасы;
- толық емес отбасылар үшін - некені бұзу/қайтыс болу/әкелікті анықтау куәлігі/ № 4 форма (көшірмелері) және өтініш берушінің некеде тұрмайтындығын растайтын анықтамасы (ХҚКО-нан алынады);
- мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметшілер үшін - жұмыс орнынан (қызметінен) анықтамасы және кадр бөлімімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі;
- аварийлық тұрғын үйі бар азаматтар үшін – құзіретті органның техникалық қорытындысы қажет.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы