Елордада түнде жұмыс істеген массаж салоны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Бас санитар дәрігердің қаулысының нормаларын бұза отырып, Телқоңыр көшесінде массаж салоны жұмыс істеп тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлады елордалық полиция департаменті. 

Түнгі сағат 02.00-де полицейлерден, эпидемиологтардан және аудандық әкімдіктің өкілдерінен тұратын мобильдік топ оқиға орнына барды. Екі қабаттан тұратын коттеджде «KAIF SPA» салоны орналасқаны, онда жеті ер адамға боди массаж қызметі көрсетілгені анықталды. Тыныштықты бұзғаны, алкогольдік өнімдерді пайдаланғаны, кальян тартқаны және өзге де құқық бұзушылықтар үшін оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, - делінген хабарламада.

Бұдан басқа, аумақты қарап тексеру барысында «Respublic» дәмханасының әкімшісі карантиндік шектеулерге қарамастан сағат 23.00-ден кейін клиенттерді қабылдаған.

Сауран көшесіндегі тағы да бір көңіл көтеру орны шектелген карантин шараларын бұзуға жол берген, яғни ресто-барға келушілерді қабылдаған. Олар әлеуметтік қашықтықты сақтамай, көңіл көтерген.

Барлық материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшінт мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау басқармасына жролданды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті карантин шараларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы азаматтарды ескертеді және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы