Елордада субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Субұрқақтар ыстық күндері елорда тұрғындарының демалысы үшін ерекше орын алады.
Су оазистері салқындығымен тартады, сондықтан олар азаматтардың сүйікті демалыс орнына айналады. Бүгінде қалада субұрқақтарды іске қосуға дайындық жүріп жатыр: қайта іске қосу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Биыл елордада субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады. Қазір аудандық әкімдіктер фонтан кешендерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының теңгерімінде екі субұрқақ нысаны бар: Республика даңғылы 34-те ("Жастар" сарайы) – 3 бірлік және Республика даңғылы 6-да ("Есіл" СҮ) - 1 бірлік. Ағымдағы жылы аудан әкімдігі оларды қайта жаңартуды жоспарламайды.
Сарыарқа ауданында барлық субұрқақтар әкімдік қарамағында емес. 10 нысанның біреуі Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының теңгерімінде. Бұл ретте субұрқақтардың каскады биыл әкімдіктің балансына беріледі.
Ауданда келесі субұрқақтар орналасқан:
"Өмір ағашы","Сиреневый" фонианы, Абай/Желтоқсан, "Ақжайық", "Атырау", "Жастар театры",
Мәскеу көшесіндегі сквердегі, "Айналмалы доп" ("Чупачупс"), "Әлия Моладғұлова ескерткішіндегі" субұрқақ.
Алматы ауданында да субұрқақтар іске қосылып, қайта қалпына келтіріліп жатыр. Аудан әкімдігінің балансында 9 субұрқақ пен субұрқақ кешені бар:
"Президенттік саябақ" субұрқақ кешені;
"Қазақ Елі" субұрқақ кешені;
"Әзірет Сұлтан" субұрқақ кешені;
Отан қорғаушылар алаңындағы субұрқақ кешені;
Б.Момышұлы даңғылындағы оқушылар сарайындағы фонтан;
Тәуелсіздік Сарайы жанындағы субұрқақ кешені";
Б. Момышұлы ескерткішіі жанындағы скверде орналасқан субұрқақ;
Студенттер саябағындағы "Ақ бұлақ" субұрқағы;
"Бейбітшілік және келісім" сарайының жанындағы субұрқақтар кешені.
Сонымен қатар, субұрқақтар саны бойынша абсолютті рекордшы-Есіл ауданы. Ауданда барлығы 27 субұрқақ кешені бар, оған 46 субұрқақ кіреді. Аудандық әкімдікте атап өткендей, екі субұрқақ толық қайта құруды қажет етеді, бұл Дипломатиялық қалашықтағы шаршы субұрқақ пен фонтан.
Аудандағы субұрқақтар тізімі:
Бас алаңдағы 7 субұрқақ кешені; "Ақ орда" субұрқағы; Министрліктер үйі жанындағы "Шаршы және би" субұрқағы; Сулы-жасыл бульвардағы "Музыкалық" субұрқақ; "ҚазМұнайГаз" дөңгелек алаңындағы "Дөңгелек" және "Каскад" субұрқақтары және "Кит" сбұрқағы; "Ғашықтар саябағындағы" "Колесо и подкова" фонтаны; "Хан Шатыр" СОО ауданындағы субұрқақ; Жасыл орамдағы су айдынындағы субұрқақ; Ислам мәдени орталығы ауданындағы субұрқақ; "Астаналық цирк" субұрқағы; "Құрманғазы" ескерткіші ауданындағы субұрқақ; "Астаналық" саябағындағы субұрқақ; Дипломатиялық қалашықтағы субұрқақтар; "Жетісу" саябағындағы екі субұрқақ; Бөкейхан көшесі бойындағы саябақтағы субұрқақ ("Еңбекшілер" сквері); "Есіл" өзені бойындағы саябақтағы субұрқақтар кешені мен "Сарқырама" субұрқағы; "Желілік саябақ" саябағындағы субұрқақ; EXPO – 2017 субұрқағы, сондай-ақ "25 жылдық" саябағындағы құрғақ субұрқақ; "Тойқазан" музыкалық фонтаны мен Ботаникалық бақтағы су айдынындағы субұрқақ.