Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.
Ауа райының жылы болуына және шомылу маусымының басталуына байланысты елордада энтеровирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі байқалады. Атап айтқанда, соңғы екі аптада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сырқаттанушылық деңгейі 2,6 есе өскен.
Жалпы жыл басынан бері 453 адам ауырып қалды, оның 52%-ы немесе 234 жағдай жазғы кезеңге келеді. Балалар, сондай-ақ иммун тапшылығы бар немесе басқа сырқат түрлерінен әлсіреген адамдар бұл инфекцияға көбірек бейім. Жыл басынан бері тіркелген барлық жағдайлардың 98% немесе 443-і 14 жасқа дейінгі балалар. Қазіргі уақытта 63 бала ем алып жатыр, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Қаланың бас санитары оған себеп – эпидемиялық маусымда балалар арасында энтеровирустық инфекцияның көп таралуының негізгі себебі су қоймаларында, бассейндер мен субұрқақтарда шомылу екендігін атады.
Астаналық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық маусымда мамырдан қыркүйекке дейін зертханалық зерттеулерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақтардың су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргіземіз деп отыр.
Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкессіздіктер анықталды: атап айтқанда, лайлылық бойынша рұқсат етілген мәннің 1,04 - 1,4 есе артуы, Есіл және Сарыарқа аудандарында орналасқан санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша фонтан кешендерінің суында (ҚазМұнайГаз ауданындағы «Каскад» фонтаны, «Водно-зеленый бульвар», Сарыарқа ауданы аппараты ғимаратының алдында), фонтан кешендері бойынша сәйкессіздік І. Есенберлин көшесінде орналасқан «Жастар» театры алдындағы, Абай-Жеңіс даңғылдарының қиылысында, Жеңіс-Кенесары даңғылдарының қиылысында, Әуезов-Дүкенұлы көшелерінің қиылысында, Сарыарқа ауданы әкімшілігінің алдында орналасқан су бұрқақтарында анықталды, - деді Сархат Бейсенова.
Сондай-ақ Абай және Жеңіс даңғылдарының қиылысында орналасқан су бұрқақта вирусологиялық көрсеткіштер бойынша энтеровирус РНҚ-сы анықталды.
Осы жайттарды назарға ала отырып, елорданың Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындарға балалардың денсаулығын сақтау бойынша барлық шараларды қабылдау және олардың өміріне қауіп төндіретін барлық жағдайлардың алдын алу қажеттігін ескертті.