Елордада субұрқақтар іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада субұрқақтар іске қосыла бастады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дерегінше, бас қалада көп ұзамай 40 субұрқақ жұмыс істейтін болады. Олардың ең үлкендері – Ұлттық музей алдындағы алаңда орналасқан "Сақ сарбаздары", "Бәйтерек" монументі алдындағы биші фонтандар мен Есіл жағалауындағы "Күн" субұрқағы.

Ал шаһардағы демалыс саябақтары әзірге карантин режиміне байланыс жабық тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы